Жаңашыл – ол кім? Жаңашылдық тұлға қасиеті ретінде

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша ақпан айы – «Жаратушылық пен жаңашылдық» айы. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында тәрбиеленушілермен «Жаңашыл – ол кім? Жаңашылдық тұлға қасиеті ретінде» тақырыбында әңгіме өткізілді.

Сабақтың мақсаты: «Жаңашыл» ұғымын ашу және оның қоғамдағы рөлін түсіндіру. Балалардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру, білімді өз бетінше іздеуге ұмтылысын қалыптастыру. Ойлану, талдау және жаңа идеялар ұсыну дағдыларын дамыту.

Талқылау барысында тәрбиеленушілер жаңашылдықтың мәні туралы көбірек біліп қана қоймай, орталығымызда жүзеге асыруға болатын өздерінің тың идеяларымен де бөлісті. «Құндылықтар банкі» ойыны кезінде балалар жаңашылға тән тұлғалық қасиеттерді талқылап, олардың қайсысы табысқа жету және жаңа нәрсе жасау үшін маңызды екенін анықтады.