Жаңашылдар! Алға, шытырман оқиғаларға!

17.02.2025 ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жасампаздық пен жаңашылдық» айына орай балалар үшін қызықты шытырман оқиғалы квест-ойын «Жаңашылдар! Алға, шытырман оқиғаларға!» ұйымдастырылды. Бұл ойында белгілі бір мақсатқа жету үшін түрлі тапсырмаларды орындау қажет болды. Жас жаңашылдар қызықты саяхатқа аттанды!

Оларға басқатырғыларды шешу, жасырынған нұсқауларды табу және тапқырлық таныту арқылы барлық сынақтардан өту керек болды. Әрбір қадам – жаңа жұмбақ, әрбір табылған дерек – жеңіске жақындататын қадам! Интуиция, командалық рух пен табандылық қатысушыларға нағыз алғашқы зерттеушілер жолынан өтуге көмектесті.