29.12.2022

Облыс әкімі атындағы жаңа жылдық шырша

Екібастұзда балалар жылы көңілді және әдемі іс – шара, Павлодар облысы әкімінің атындағы шыршамен аяқталды. Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері шақырылған қонақтардың қатарында болды. Жаңа 2023 жылдың символы - сүйкімді қоянды қарсы алу, керемет жолбарыспен қоштасу, шығармашылық ертегі кейіпкерлері мен көңілді аниматорлар - балалардың мерекелік көңіл-күйін көтерді.

Павлодар облысының әкімі Асайын Куандықұлы Байхановтың мерекеге шақырылған балалардың әрқайсысы - еліміздің болашағы деген балаларды ынталандырған сөзі ,кеншілер мен энергетиктер қаласы - Екібастұз бейнесіндегі батырдың пайда болуы зор қошемет тудырды . Мерекелік шыршаны айналала билеу, интерактивті ойындар, ертегі кейіпкерлері, тәтті үстел және ең бастысы керемет сыйлық-100 мың теңгеге сертификат.

Әрине, біздің тәрбиеленушілерімізді ерекше атап өту керек – әдемі, жарқыраған костюмдер киген, ұйымдасқан түрде көңілді және белсенді бола білді .Облыс әкімі Асайын Қуандықұлына шыршаға шақырғаны үшін және керемет сыйлықтары үшін алғыс айтамыз ! Рухани жылулық пен ерекше атмосфераға толы осы сиқырлы жаңа жыл күндері балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілерінің атынан сізге, Асайын Қуандықұлы облысымыздың өміріне белсенді қатысқаныңыз үшін, қолдауыңыз, жасампаз еңбегіңіз және туған өлкеге деген сүйіспеншілігіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз ! Біздің үлкен отбасымыздың атынан келе жатқан Жаңа 2023 жылмен құттықтауымызды қабыл алыңыз!

Бұл жаңару, үміт пен тілектер орындалатын мереке, сіздің отбасыңызға жақсылық әкелсін, үйіңізді жылулық пен жайлылыққа толтырсын, қуаныш, сәттілік және көптеген бақытты күндер сыйласын!Сізге зор денсаулық, жақсылық және өзара түсіністік тілейміз!