Жас экологтардың келесі жетістігі

Соңында дәстүрлі республикалық «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы байқауға қатысқан тәрбиеленушілерге грамоталар мен сыйлықтар келді. Байқау Әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне (5 маусым) орай өткізілді.

Байқау ұйымдастырушылары – Павлодар облысының экология департаменті. Байқаудың мақсаты – балаларда қоршаған ортаны эмоционалды-танымдық қабылдау қабілетін дамыту, экологиялық мәселелерге жеке көзқарасты бейнелеу өнері арқылы көрсету, балаларда табиғатты қадірлеу сезімін қалыптастыру, шығармашылыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өз өңіріндегі қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және қорғау мәселелеріне қызықтыру, мәдени-патриоттық тәрбие беру.

Байқауға Павлодар облысындағы 9 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты, үш жас санатында 85 үміткер болды: кіші топ – 6-8 жас, орта топ – 9-12 жас, үлкен топ – 13-16 жас.

30 мамырда конкурс комиссиясының отырысы нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Комиссия құрамына мыналар кірді:

  • Кукумбаев М.А. – Павлодар облысының экология департаментінің уақытша басшысы;

  • Әбілжанова Б.Ө. – Павлодар облысы Білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім бөлімі бас маманы;

  • Темиргалина А.С. – Павлодар облысы Қоршаған ортаны, су ресурстарын және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы;

  • Аушахманова Б.Т. – КМҚК «Білімді дамыту инновациялық орталығы» басшысы;

  • Солоденко А.П. – Павлодар қаласы ДХШ қосымша білім педагогы;

  • Кисембинова Д.У. – Павлодар облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы;

  • Мейрманова Ж.М. – Павлодар облысы экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы;

  • Жансеитов Б.У. – Павлодар облысы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

Комиссия «Үздік сурет» номинациясында үш жас санатында 9 жеңімпазды анықтады.

Орта топ (9-12 жас) категориясында:
1 орын – Юсупов Эльдар (12 жас), КМҚК «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету аймақтық орталығы», Экибастұз қаласы – «Планетамыздың денсаулығы біздің қолымызда», жетекшісі Колосницина Е.Н.

Комиссия мүшелері біздің балалардың еңбектерін ерекше атап өтті:

  • «Жас эколог» номинациясы – Коротков Шакир (12 жас) «Қоқысты жинау уақыты».

  • «Фантазия» номинациясы – Масалимова Ақбота (12 жас) «Табиғат қонағында».

Балаларды байқауға дайындаған – Колосницина Е.Н.