От қателікті кешірмейді

"Өрт қауіпсіздігі мектебі" жұмысының жоспары бойынша "От қателікті кешірмейді"тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді. Қатысушылар: 4-6 сынып оқушылары. Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі оттың рөлін көрсету; өрттің пайда болуына әкелетін себептерді анықтау; өрт кезіндегі мінез-құлық туралы жадынама жасау.

Балалар ақпаратты мұқият тыңдап, өрт шығу себептері және қандай іс-әрекеттерді жасау керектігін талдады. Сабақ соңында балалар "Өрт кезіндегі тәртіп ережелері" жадынамасын құрастырып, отты абайсыз қолдану, отпен ойнау қиындыққа әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді.