Орталықта қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегіне арналған «Ашық микрофон» алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға ересек тәрбиеленушілер қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімін дамытуға қосқан үлесі, әліпби реформасы, әдеби мұрасы туралы өз ойларын ортаға салды. «Ашық микрофон» еркін пікірталас пен ой бөлісу алаңына айналды.