Бүгін бастауыш сынып тәрбиеленушілері «Менің мақтанышым суреттерде» тақырыбындағы шығармашылық сабаққа қатысты. Балалар өздерінің мақтаныш сезімін сурет арқылы бейнелеп, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктерін көрсетті. Әрбір қатысушы өзі салған суреті туралы айтып, неге дәл осы тақырыпты таңдағанын түсіндіріп, Қазақстанға деген ыстық сезімдерімен бөлісті.
Балалардың жұмыстары ашық түсті, мазмұнды әрі елге деген мақтаныш сезіміне толы болды.