Облыстық «Қауіпсіздік апталығы» аясында бастауыш және орта сынып тәрбиеленушілеріне арналған «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында қызықты танымдық ойын ұйымдастырылды.
Ойын барысында балалар:
Оттың ойыншық емес екеніндігін білді.
Құтқарушыларға дұрыс қоңырау шалуды үйренді.
Өрт кезінде өзін ұстаудың маңызды ережелерімен танысты.
Ойын «дұрыс-бұрыс» форматында өтті және балалар арасында қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды.