Қазақстан Республикасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарды орындау және. Қауіпсіздік сабақтарының жоспарын іске асыру шеңберінде орталық тәрбиеленушілері үшін 2024 ж .16.02.күні Екібастұз қаласы ТЖБ аға анықтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж .Б. Өмірбековпен кездесу ұйымдастырылды.
Төтенше жағдайларда әрекет ету үшін қажетті біліммен, дағдылармен таныстыра келе Ж.Б.Өмірбеков балаларға өрт туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы жадынамалар таратып, балаларға өрттің пайда болу себептері мен алғашқы өрт сөндіру құралдары туралы, егер балалар тұрмыста, мектепте , көшеде жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін сақтамаса, қандай ауыр зардаптар туындауы мүмкін екендігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді . Электр жылыту жабдықтарымен электр құрылғыларымен және ұялы телефонды пайдаланумен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне ерекше назар аударды.