Біздің отбасымызда біз ұстанатын ереже бар: күн сайын — 20 минут міндетті түрде кітап оқу. Бар болғаны 20 минут ғана. Бірақ осы мерзімде баланың болашағы қалыптасады деуге болады.
Әр тәрбиеленуші бір айдың ішінде кем дегенде бір кітап оқиды. Бұл небәрі 30 бет болса да -ең бастысы, оқу саналы түрде болуы керек. Осыдан кейін бала: мазмұнын қайталайды, авторды атайды, басты кейіпкерлерді ажыратады, кітап бойынша иллюстрация салады.
Жасыратыны жоқ көптеген балалардың сөздік қоры өте аз. Сөйлеген кезде қиналады, ойын толық жеткізе алмайды. Сондықтан біз үшін қайталау формальдылық емес, ең маңызды жұмыс болып табылады.
Кітап мазмұнын айту арқылы бала өз ойын жинақтауды үйренеді, сөздік қоры молаяды , есте сақтау мен сенімділікті дамытады, ұялшақтықты жеңеді.
Кейде балалар ұяалады, уайымдайды, қателесуден қорқады. Бірақ біз кез-келген мазмұндаманы қолдаймыз. Біз қатаң бағаламаймыз тек қолдаймыз. Біз мақтаймыз. Біз көмектесеміз.
Иә, қазіргі балалар гаджеттерде көп уақыт өткізеді. Бірақ тәрбиешілердің табандылығы мен жүйелілігі нәтиже береді.Кітап оқу әдетке айналады, кітаппен дос болады.
Біз міндетті түрде тәрбиеленушінің рейтинг бойынша жетістіктерін атап өтеміз, кітапқа деген құрмет атмосферасын қалыптастырамыз және оқуға деген қызығушылықты сақтаймыз.Өйткені оқу тек дағды емес. Бұл баланың дауысы, және біз бұл дауыстың сенімді болуына көмектесеміз.