Су асты әлеміне саяхат

2025ж.04.06. біздің балалар елорданың ең таңғажайып орындарының бірі — Астана қаласындағы "Думан" ойын-сауық орталығында орналасқан океанариумда болды.

Көптеген балалар үшін бұл су асты әлемімен алғашқы танысуы — және бұл күн олар үшін шынымен сиқырлы болды!

Түрлі-түсті тропикалық балықтар, медузалар, акулалар және теңіз тасбақалары — мұның бәрін шыны туннель арқылы  өз көздерімен көрді.

Біз олардың көздерінен қуаныш, таңданыс және нағыз балалық шаттануды  көрдік. Ваня Божко: «Мен тіпті осындай үлкен акулалар мен пиранхалардың үстінен жүзіп бара жатқанынан қорқатынмын.

Бірақ бұл өте әсерлі болды!» деді. Ваня бізге, осы күнді сыйлаған  барлығына алғыс айтуды тоқтатқан жоқ!  Осы мүмкіндік үшін «Ананың қолы»  ҚҚ-ға үлкен рахмет! Сіздердің арқаларыңызда  балалар ұмытылмас әсерлер мен   жағымды эмоцияларға  ие болды.