Салауатты демалыс!

Мектеп демалысы-бұл балалар үшін ең сүйікті, көптен күткен және бақытты кезең. Ал күзгі каникул биылғы оқу жылының алғашқысы. Балалар осы апталық демалысты асыға күтті. Бұл демалыс " Салауатты демалыс!» тақырыбында  өтті. 

Балалар мектеп сабақтарынан демалып, ой –өрістерін  кеңейтіп, жаңа әсерлер  алды.  Бағдарлама өте мазмұнды. Барлық ересектер балалардың телефонмен мүмкіндігінше аз уақыт өткізуін қамтамасыз етуге тырысты. Қызықты және танымдық тренингтер, викториналар, мультфильмдер мен ертегілерді қарау, ойындар мен жаттығулар балалардың көңіл-күйін күні бойы көтереді. 

Әрине, дайын "демалыс" рецептісі жоқ. Бірақ біздің орталықтың педагогтары  өз ара  түсіністік пен жақсы көңіл - күй-әрбір тәрбиеленушінің жетістігінің кепілі екеніне сенімді. Ересектер балалардың көңілді және күн сайын ұмытылмас болуына тырысады. Сіздерге қызықты демалыс  тілейміз балалар!