"Шаңырақ" жобасы

Қазақтың  киіз үйі...  Бүгінгі   күні халық арасында  оған  деген зор құрмет көрсетіліп, үлкен көңіл бөлінеді. Адамдардың  есінде  дәстүрге, өз тарихына деген махаббат  сақталумен қатар  киіз үй  ол қазақ халқының өзіндік мұражайы болып табылады, онда табиғи тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері болып табылатын ежелгі заттар мұқият сақталады және ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. 

Жаңадан келген тәрбиеленушілер үшін Орталықтың этномәдени бұрышында  экскурсия –сабақ  өткізілді. Тақырыбы: "Киіз Үй - қазақ халқының өзіндік мұражайы". Балалар киіз үйдің құрылғысымен, ішкі жабдықтарымен және олардың әрқайсысының маңыздылығымен егжей-тегжейлі танысты. Әр заттың  атауын қазақ  тілінде қайталап ,естерінде сақтай отыра  киіз үй макетін жасап, киіз үй жабдықтары  бойынша  жұмбақтар  шешті.  Сабақты "Ғажайып қазақ тілі"  үйірмесінің жетекшісі Тоқей Ардагүл өткізді.