Әлеуметтік жоба «Шаштараз өнері»

Әлеуметтік жоба «Шаштараз өнері» аясындағы сабақтар аяқталуға жақындады. «ILNARA BEKTURGANOVA» мектеп-студиясында Бектурғанова Ілнара Нұрланқызының жетекшілігімен қыздар шаштараздық өнер бойынша теориялық және практикалық курстан өтті. Олар қайшыны дұрыс пайдалану техникасы, кәсіби шаш қию, бояу, колористика және басқа да дағдыларға үйренді.

Жобаның мақсаты: балалардың кәсіби бағдарын қолдау. Сабақтар барысында қыздар санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, еңбек қорғау бойынша да негізгі білім алды. Жобаны «Саби Бақыт» ҚҚ қолдайтынын, жетекшісі Мамедова Ақмарал Рамазановна екенін еске саламыз.