Буллингке қарсы спорт

28.02.2025 ж. спорттық-сауықтыру кешені «Жасыбайдың» үлкен ойын залында №1, №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, «Жасыбай» БЖСМ және Балаларды қолдау орталығының спорттық командалары қатысқан көңілді старттар өтті.

Эстафета Алғыс айту күні аясында ұйымдастырылып, «Буллингке қарсы спорт» ұранымен өтті. Жарыс бағдарламасына бес белсенді эстафета енді. Бұл сайыс жас спортшылар үшін күш, ептілік пен командалық рух мерекесіне айналды. Олар тек жылдамдық пен төзімділіктерін ғана емес, сонымен бірге бір-бірін қолдауды, қиындықтарды бірге еңсеруді және әділ жолмен жеңіске жетуді үйренді.

Жарыс атмосферасы қызығушылыққа, күлкіге және үздік қасиеттерін көрсетудегі шынайы ықыласқа толы болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Экибастұз қаласы әкімдігі «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің грамоталарымен, дәрежесіне сай медальдарымен және тәтті сыйлықтарымен марапатталды.

Ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіреміз! Мұндай іс-шаралар тек физикалық дамуға ғана емес, сонымен қатар маңызды өмірлік құндылықтарды – достықты, құрметті және өзара көмекті тәрбиелеуге ықпал етеді.