2021ж.22.10 – нан бастап 2021ж.03.12. аралығында «Оқитын Қазақстан –Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мәнерлеп оқу бойынша Республикалық «Маржан сөз тамшылары -2021ж» онлайн конкурсы болып өтті. Республикамыздың түкпір –түкпірінен 200 –ге жуық бала «Сөз маржаны тамшылары» деп аталатын поэтикалық жинақтан өлеңдер оқыды.
Бұл жинақтың авторы «Поэзия - сөз патшасы» чатының бір мүшесі. Жинақта көп ұлтты Қазақстанның әр өңірінің ақындары мен Германия, Ресей, Израилде тұратын , бірақ та өздерінің туған жер, туған елінің әсемдігін жырлап жүрген отандастарымыздың шығармашылығы біріктірілген. Конкурсты ұйымдастырушылар әкімшіліктің ШЖҚ МКК «Astana Polytechnic «Жоғарғы колледжі».
Қолдау көрсеткендер: «Kazbrands» ҚҚ, «Білім беруді модернизациялау Орталығы»МКК,«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ.Қазылар алқасы: Л.Ю.Юркова – ақын, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Л.К.Койшиева – «Рухани қоғам әлемі» ҚҚ –ның президенті, И.С.Деева – «Гармония» поэтикалық клубтың жетекшісі, Л.Б. Тришечкина – ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі,А.С.Аблаким – журналист, «Астана» радиосының жүргізуші редакторы, «Kazbrands» жобасының тәлімгері.Орталықтың әр түрлі жастағы 13 тәрбиеленушісі поэтикалық конкурсқа қатысып, бірінші және екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Балаларды конкурста көрсеткен жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз!