Достық турнирі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай 2011-2012 жылғы туған балалар арасында «Балаларды қолдау орталығы» мен «Санлин Экибастұз Футбол Академиясы» тәрбиеленушілері арасында футболдан достық турнирі ұйымдастырылды. Өте қызықты футбол шайқастары алаңда өрбіді, ойын қызықты әрі қарқынды болды, командалар барын салды. Матч 4:4 есебімен аяқталды, жеңіс – достыққа бұйырды. Балаларға естелік сыйлықтар мен тәттілер табысталды.