28 сәуірде Павлодарда "Бірлікпенен бақытымыз!" тақырыбындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің арасында өткізілетін VIII дәстүрлі үгіт бригадалар сайысы болып өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласының балаларды қолдау орталығының үгітбригада ұжымы жоғары марапат — Гран-приге ие болды! Бұл лайықты жеңіс, оның артында көп жұмыс бар: ұсақ-түйекке дейін ойластырылған сценарий, терең мазмұн, әр сөздің шынайылығы және балалардың керемет берілгендігі.
Өз сөздерінде балалар "Адал азамат"бағдарламасының құндылықтарына сүйене отырып, ең бастысы — достық, еңбек, адамгершілік туралы айтты. Олар мұны шын ниетімен , жарқын, креативті және өте шынайы түрде жасады.