27 желтоқсаннан бастап Орталық тәрбиеленушілері өздеріне Шаттық Ешмұратқызы сыйға тартқан ақшаны дұрыс жұмсау мақсатында супермаркеттерге, сауда орталықтарына барып, белсенді түрде сауда жасап жүр.
Әрине, біз жұмыс барысында балаларды қаржылық сауаттылық сабағында айтылған дана ойды есте сақтауға және оған сәйкес әрекет етуді үйретуге тырысамыз:
Көп ақша табу-батылдық; оларды сақтау-даналық, ал шебер жұмсау — өнер.
Кейбір балалар дүкенге тезірек барып, сыйға тартылған ақшаны жұмсағысы келгенін жасырмаймыз, бірақ тәрбиешілер балаларды тоқтатты: " Ақша мәселесі эмоциямен шешілмейді..."
Көбісі ақша жұмсауға өте байсалдылықпен қарады . Қажетті тауарлардың тізімін жасадық, таңдалған тауарларды сатып алу кезінде тәрбиешілермен қашан және қайда баратынын талқыладық, бағаларға, тауарлардың сапасына, жарамдылық мерзіміне назар аудардық. Олар ақшаны ысырап етпес үшін әртүрлі дүкендердегі баға айырмашылығын салыстырды. Жалпы, барлық балалар өз сатып алған тауарларына өте риза болды , өздері үшін қажет деп санайтын нәрсені сатып алды, қалған ақшаны байыптап қайта есептеді, сатып алу үшін көрсетілген тауарлардың тізімін тексерді, бір-біріне мақтанды . Балаларға жаңа жылдық сыйлықты өз бетінше сатып алуына және өмірде қажетті әлеуметтік тәжірибе алуға мүмкіндік бергені үшін Шаттық Ешмұратқызына алғыс айтамыз.