Қауіпсіздік жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 14 наурызында балаларды қолдау орталығында тәрбиеленушілер мен қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесудің басты тақырыбы зайырлы мемлекет пен діннің арақатынасы. Іс-шараның спикері КҚТДО теологы С. Ж. Шакират болды.
Қатысушылар әртүрлі діни көзқарастар мен мәдени дәстүрлерді құрметтеудің, сондай-ақ қоғамда бейбіт жағдайда өмір сүрудің маңыздылығын талқылады. Мұндай диалог бір-бірін жақсы түсінуге және қақтығыстардан аулақ болуға көмектеседі.
Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері қозғалды. Спикер алауыздықты қоздырғаны (ҚР ҚК 174-бабы), терроризмді насихаттағаны (ҚР ҚК 256-бабы) және экстремистік қызметке байланысты басқа да қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық туралы айтты.
Бұл кездесу қатысушыларға маңызды құқықтық және моральдық аспектілерді түсінуге, сондай-ақ қазіргі әлемдегі қауіпсіздік пен төзімділіктің маңыздылығы туралы ойлауға көмектесті.