Балаларды қолдау орталығының «Құқық тәртібі мектебінің парламенті» фракциясы «Зорлық –зомбылыққа бірге қарсы тұрамыз » тақырыбында бейнебайқау өткізді.
Әрбір қатысушы тек бейнежазба жасап қана қоймай, жүректерінен шыққан сөздерін айтты. Суреттер, сөздер және эмоциялар арқылы олар қатыгездікке, келеке-мазақ етуге және қорлауға «ЖОҚ» деген берік пікір білдірді.
Байқау тек шығармашылық алаң ғана емес, сонымен қатар біздің орталығымызда құрмет, қолдау және қауіпсіздік атмосферасын қалыптастырудың маңызды қадамына айналды.
Бейнежазбалармен жұмыс істеу барысында балалар бір-бірін тыңдауды, жанашырлық танытуды және ортақ мақсат - әрбір адамның қадір-қасиетін қорғау төңірегінде бірігуді үйренді.
Біз топтардың бірлігіне, олардың жұмысының шынайылығына және балалардың күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге деген батылдығына мақтанамыз. Достық, түсіністік және қолдау болған жерде қорлауға, зорлық –зомбылыққа жол жоқ.