"Заң және тәртіп" айлығы аясында тәрбиеленушілермен "Заң және оны сақтау қажеттілігі" тақырыбында сабақ өтті.
Балалар қарапайым, бірақ өте маңызды нәрселер туралы талқылады:заң дегеніміз не, ол не үшін қажет және неге оны жасына қарамастан сақтау әркімге қатысты.
Заң - бұл мемлекет белгілеген міндетті мінез-құлық ережелерінің жүйесі, оны бұзу заңды жауапкершілікке әкеп соқтыратынын балалр түсінді.
Ал тәртіп-бұл абстрактілі ұғым емес, заңдар сақталатын қоғамның нақты жағдайы, ішкі тәртіп, құрмет және әлеуметтік ұйымшылдық.
Талқылау барысында:
Заңның қоғамдық тәртіпке әсері туралы;
Әрбір азаматтың оны сақтаудағы рөлі туралы;
Балалар мен жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы;
Күнделікті өмірде заңдылық пен тәртіпті нығайту жолдары туралы.
Сабақтың қорытындысы балалар өз көзқарастары мен тақырыпты жеке түсінуін бейнелейтін бейнеролик жасау болды.
Олар келесі қорытындыға келд :заң мен тәртіп-бұл жай сөздер емес, жеке адамды, қоғамды және мемлекетті қорғаудың нақты құралдары.
Заң жоқ жерде хаос басталады.
Ережелерге құрмет пен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік бар жерде тұрақтылық, қауіпсіздік және болашаққа деген сенімділік пайда болады.
Құқықтық мәдениетті арттыру-бұл бүгіннен басталатын саналы болашаққа жасалған қадам.