2022ж.24.05.күні «Business Lady Qazaqstan» ҚҚ –мен бірлескен жоспарға сәйкес балалар ЖК «КaiZa» мебель цехына шағын мебель студиясы жағдайында корпустық мебель дайындалу процессімен танысу мақсатында экскурсияға барды. Экскурсияны Татиева Зарина Руслановна жүргізіп,мебель цехы жұмысының жүйесін өте түсінікті етіп баяндап берді. Кез –келген мебель корпусын жасау үшін өлшеуден бастап эскизін жасау дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиясы туралы толық мәлімет берді.
Балалар Зарина Руслановнамен бірге жиһаз индустриясындағы түсініктерді, материалдардың түрлерін және олардың арасындағы айырмашылықтарды қызығушылықпен тыңдады, жиһазға тапсырыс беру кезінде туындауы мүмкін түрлі ситуациялық мәселелерді шешті. Жиһаз дизайны бір орында тұрмайтындықтан, техникалық жетекші Чалдаев Қайрат Сырымұлы жиһаз дизайнындағы жаңалықтармен бөлісті, фурнитура әлемінде қалай дұрыс бағдар жасау керектігін айтты.
Енді біздің тәрбиеленушілер мебель өнімінің қандай материалдан жасалғандығын және дайын өнім тапсырыс беруге қарағанда неге арзан екенін біледі. Балалар мен педагогтар өздеріне күнделікті өмірде жиі кездесетін және қажет болатын маңызды мәлімет алды. Ал ең бастысы балалар мамандық таңдауда өздеріне беймәлім мамандықтардың бар екендігін түсінді. Мебель дайындаушы, дизайнерлер, жиһаз, өз мебель бизнесін құру мүмкіндігі , Зарина Руслановнаның жұмысына деген көзқарасына қарап , бізге олар өздерінің мебель жасаушы мамандықтарын шынымен жақсы көретіндігін білдік.
Зарина Руслановна айтқандай, жоғары дәрежелі мамандар онша көп емес, сондықтан өндіруші қызметкерлерді өз бетінше оқытуға мәжбүр және мұндай кадрлар әрдайым сұранысқа ие! Шынында да, осындай экскурсиялардан кейін балалардың бірі болмаса бірі жұмысшы мамандығын таңдауы мүмкін. Олар кем дегенде бұл қандай жұмыс екендігін біледі. Өндіріс орындарына экскурсияға бару мектеп оқушылары үшін мамандық таңдауда маңызды. Өкінішке орай, көптеген өндірістік алаңдар, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін жабық. Алайда, Чалдаевтардың отбасы бұл кедергіге қарамай балаларға жиһаз жасау процесімен танысуға мүмкіндік берді.