Қысқы футбол турнирі

2025ж.07.12.күні «Жасыбай» БЖСМ-де «Санлин» ФА тәрбиеленушілері арасында дәстүрлі қысқы футбол турнирі өтті. Жарысқа 7 команда қатысты. Біздің Орталықтың тәрбиеленушілері үшін футбол – ең сүйікті спорттық ойын, сондықтан олар «Санлин» академиясындағы жаттығуларға үзбей қатысып келеді. Жаттықтырушылар да жүйелі түрде біздің балаларды барлық спорттық іс-шараларға қатысуға шақырып отырады.

Турнир әдеттегідей өте керемет өтті: балалар нағыз командалық ойын, батылдық және жеңіске деген жігер танытып, 3-орынды иеленді. «Санлин» - футбол академиясы еліміздегі ең үздік футбол мектептерінің бірі ретінде танылған және біздің тәрбиеленушілер арасында өте танымал. Балалар мұнда қуана-қуана жаттығып қана қоймай, жігерін шыңдап, көшбасшылық қасиеттерін, тәртіптілікті дамытады.

Біз Орталық педагогтары жаттықтырушыларға және «Санлин» Футбол академиясының әкімшілігіне біздің балаларға көрсеткен қолдауы, назарына және тегін түрде тұрақты футболмен айналысу мүмкіндігін жасағандары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Бүгінгі турнир қорытындысы бойынша, жүлделі орыннан бөлек. Мидинов Руслан арнайы марапат — «Турнирдің пайдалы ойыншысы» атағына ие болды. Біз әрбір тәрбиеленушімізді және олардың спорттық жетістіктерін мақтан тұтамыз!