Зияткерлік турнир «Тәуелсіздік тұғырына 30 жыл»

Тәуелсіздік күні қарсаңында Орталықта тәрбиеленушілер арасында  «Тәуелсіздік тұғырына 30 жыл»  тақырыбында зияткерлік турнир болып өтті. Іс –шараның мақсаты:Қазақстанның тарихына енген тарихи оқиғалар мен күндер, рәміздер, Қазақстанның жазушылары, ҚР –ның заңы туралы тәрбиеленушілердің білімдерін тексеру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Турнир 5 турдан құрылды: бәйге, полиглот, өз ойыным, сиқырлы сандық и "портреттер сөйлейді ".  «Достық» және  «Бірлік» командалары өзара сайысқа түсті. Командаларға Қазақстан тарихы бойынша әр түрлі сұрақтар қойылды. «Сиқырлы сандық»та жасырылған жұмбақтарды шешті. Әрине жеңімпаздар мен жеңілгендер анықталды, бірақ та ең бастысы тәрбиеленушілерде өз Отанының , өз елінің тарихын үйренуге деген қызығушылықтары оянды. Жер бетінде тұрып жатқан әр бір адам  өз Отанын, өзінің туған өлкесі мен халқын, тарихын мақтан тұтатыны белгілі. Жарқын болашақты құру үшін өткенді есте сақтап,бүгінгіні білу керек.