«А-дан Я ға дейін» үйірмесі

Бірде, "Бақыт деген не?" деген сұраққа " Бақыт дегеніміз - таңертең жұмысқа қуанышпен барып, ал кешке үйге қуанышпен оралу",деген жауап айтылды. ал кеңес одағының әйгілі педагогы Константин Дмитриевич Ушинский:"Егер сіз жұмысты сәтті таңдап, оған бар жаныңызды салсаңыз, онда бақыттың өзі сізді табады", - деп жазды. Яғни, бақытты болу бір себебтерінің бірі-өз кәсібін дұрыс таңдау. Бұл мәселе ерте ме, кеш пе кез-келген адамның алдынан шығады, әрине бұл мәселе қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінің алдынан да шығатыны белгілі.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ олардың қатарындағы адамдардың кәсіби қалыптасуы олардың табысты әлеуметтік бейімделуінің қажетті шарты, әлеуметтік қорғау құралы болып табылады. Жетім балалардың тәуелсіз өмірі олардың кәсіби өзін-өзі анықтауымен тығыз байланысты. Психолог А. Р. Кудушева мамандық таңдауымен байланысты мәселелерді шешуде жетім балаларға тиімді кәсіптік бағдар беру үшін "А-дан Я-ға дейін"кәсіптік бағдарлау үйірмесін жүргізіледі. Үйірменің мақсаты тәрбиеленушілерге өзінің кәсіби бағытын, қызығушылықтарын, қоғамда табысты әлеуметтік бейімделу үрдістерін ұғындыру болып табылады.

Үйірменің негізгі міндеттері:

  • тәрбиеленушілерді кәсіптік қызметтің мазмұны және еңбек жағдайлары туралы, кәсіп пен жеке тұлғаға қойылатын талаптар туралы хабардар ету;
  • өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі тәрбиелеуге және кәсіби өзін-өзі анықтауға деген ұмтылысты қалыптастыру;
  • өз ұмтылысының мүмкіндіктері мен тілектерін талаптарына кәсіп денсаулығына, біліміне, жеке қасиеттерімен салыстыра білуге үйрету;
  • кәсіптер әлемімен толық танысу үшін еңбек қызметінің белгілі бір салаларын таңдауды ұсыну.

Бұл үйірме 4 блоктан тұрады: "Өз кәсібін іздеу", "Мен – кәсібімнің шеберімін", "Кәсіби білім беру әлемі", "Еңбек нарығындағы іс-әрекеттерге дайындық". Барлық блоктар бір-бірімен байланысты және мақсаттар мен міндеттерді толық жүзеге асыруға ықпал етеді. Кәсіптік бағдарлау жаттығулары белгілі бір логикалық ретпен жасалған. Неғұрлым қарапайым жаттығулардан бастап, өзін – өзі тану элементтерін қамтитын жаттығуларға, содан кейін кәсіби және жеке даму перспективаларын олардың тұтастығын модельдеуге мүмкіндік беретін жаттығуларға дейін жалғасады.Үйірме 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған, 1 жылға есептелген. Жасөспірімдермен топтық сабақтар аптасына 1 рет ұйымдастырылады.

Сабақтың ұзақтығы 45 минуттан 1 сағатқа дейін. Үйірменің соңында оқушылар жеке ерекшеліктерін табуды, жеке бейімділіктерін анықтауды үйренеді, өзін-өзі тану деңгейі артады. Кәсіби қызмет үшін қажетті толық теориялық білімді меңгеретін болады. Еңбекқорлық пен жұмысқа қабілеттілік деңгейі артады. Олар жеке, психологиялық физиологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып, мамандықты саналы түрде таңдайды. Жұмысқа психологиялық дайындық қалыптасады. Осылайша, ұсынылып отырған үйірме кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді тәрбиеленушілердің өзі-өзінің кәсіби бейімділігін анықтауына көмектеседі.