Биылғы 2020-2021 оқу жылында Орталықта тәрбиеленушілердің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ақша әліппесі» үйірмесі өз жұмысын бастады. Жетекшісі – тәрбиеші Дворак В.В. Қаржылық сауаттылық бұл ақшаға және оны жаратуға байланысты дұрыс шешім қабылдау үшін өз білімі мен дағдыларын тиімді пайдалану. Балалар қаражатпен өмір сүру керек екенін білуі керек, тапқаннан аз жұмсау керектігін түсінуі қажет. Ақшаға бақыт сатып ала алмайтыны түсінікті, бірақ балалар үшін жеткілікті қаржы ресурстары оған көбірек мүмкіндіктер ашатынын және олар өскен кезде қаржылық әл-ауқатына ықпал ететінін білуі артық болмайды.
Бұл үйірменің мақсаты- орта жастағы балаларда қаржылық сауаттылық негізін қалыптастыру.
Міндеттері:
Алғашқы экономикалық түсінікті қалыптастыру. Балаларды ақшаны дұрыс ұстауға, оларды әр түрлі жолмен табу және әр түрлі жағдайда қолдануды тәсілін үйрету. Балаларды нақтылы өмірдегі экономикалық түрғыдағы әр түрлі жағдайларда өзін дұрыс ұстай білуге үйрету.
Қаржылық сауаттылық үйірмесіне орта жастағы 10 балақатысады. Қызықты тақырыптағы бірнеше сабақ өткізіліп те қойды.
1 - сабақ .Тақырыбы: «Ақша қалай пайда болды?» Ақшаның өткен өміріне саяхат . Мақсаты: балаларға ақша жан – жақты және алмасуға ыңғайлы зат екендігі туралы түсінік беру.
2 - сабақ. Тақырыбы: «Тиын, банкота, пластикалық карта» Эксперимент жасау .Мақсаты «Ақша», «тиын», «банкнота», «пластикалық карта», қолма –қол және қолма –қолсыз ақша деген түсініктің мағынасын ашу, қазіргі ақшалардың сырт бейнесі туралы балалардың білімін нығайту.
3 - сабақ. «Рубльдің саяхаты ". Мақсаты: балалардың экономикалық түсінігін қалыптастыру, валюта, басқа елдердің ақша бірлігі қандай, алмастыру, бартер, жарнама, баға , тауар.
4 - сабақ . Тақырыбы: «Жас қаржыгерлер» саяхат - сабақ. Сабақтың мақсаты: балалардың қарапайым экономикалық түсініктерін қалыптастыру, білімдерін бекіту.
5 - сабақ. Тақырыбы: «Приключения Умник және Торопыжкинаның қаражат еліне саяхаты, шытырман оқиғалары ». Мақсаты: балалардың адамның қажеттіліг туралы білімдерін қалыптастыру. Бағдарламаның соңында балалардың келесі түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруын жоспарладық: Ақша өз –өзінен пайда болмайды, оларды еңбекпен табады. Алдымен оны табамыз, сосын жұмсаймыз, көбірек тапсаң соған сәйкес ақшаны тиімді жұмсайсың, өз жағдайыңды жасауға мүмкіндік болады.
Тауардың құны оның сапасына байланысты болады. Қаржыны жоспарлау керек. Барлығын да сатуға немесе сатып алуға болмайтындығын түсіндіу.