27 мамыр күні Балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде «Братство» славян этномәдени бірлестігі Балаларды қолдау орталығында «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік концерттік бағдарламаны ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балаларға арнап жарқын шығармашылық нөмірлер, музыкалық қойылымдар мен қуанышқа, шаттыққа және көтеріңкі көңіл күйге толы мерекелік атмосфера сыйланды.
Мереке қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлап, бақытты балалық шақтың, достық пен мейірімділіктің жарқын символына айналды.