Біздің ұжым қызықты шығармашылық өмір сүретін және балалар мен педагогтардың бірлескен іс-әрекеті ұйымдастырылған кезде одан да әрі жұмылып жұмыс істейтін біртұтас отбасы. Отбасылық мерекелерді өткізу отбасын біріктіруге, лайықты отбасылық дәстүрлерді қалыптастыруға бағытталған, жағымды да жақсы әсер тудырады. Педагогтардың міндеті-серіктестік қарым-қатынас орнату, өзара түсіністік, қолдау және ортақ мүдделер атмосферасын құру. Балалар үшін , әсіресе жаңадан келгендер үшін, ұжымды біртұтас, үлкен отбасы ретінде көрсету өте маңызды.
Бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылған жағдайда, әркім болып жатқан жағдайға жылы достық қарым-қатынаста екендігін көрсеткенде ғана ұйымшылдық артып, қызықты өмір сүреді . Бейімделу орталығында отбасылық жиналыстар, бірлескен шай ішу , туған күндер үнемі өткізіліп тұрады , оларды өткізу отбасын біріктіруге, лайықты отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қалыптастыруға, отбасы мүшелерімен бірге , қоғамда белсенді өмір сүруге бағытталған.