«Менің қалам - менің жанымның бөлшегі»

2024 ж.15.02. тәрбиеші Л.Д. Ткачева "Менің қалам - менің жанымның бөлшегі"тақырыбында ашық тәрбие іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты-тәрбиеленушілердің  қаламыздың тарихы туралы білімдерін  тереңдету. Іс –шараға дайындық барысында балалармен үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. балалар кітапханада көп уақыттарын  өткізуге тура келді, энциклопедияларды зерттеді, газеттерден , кітаптардан біздің қала туралы қызықты  материалдар  іздеді . Мысалы, Валентина Колесникова Қ. Пішембаевтың көмір кен орнын ашқаны туралы  қызықты  хабарлама дайындады.Темірғали Нұрай энциклопедиямен жұмыс істей отырып ,қала тарихын зерттеп қана қоймай , балаларға Екібастұздың геграфиялық орналасуы туралы айтып берді, Темірғали Мейрамгүл балаларды Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен және оның біздің қала тарихына қосқан үлесімен таныстырды.

Балалар қала тарихымен танысты, Екібастұз Елтаңбасы, қаланың көрікті жерлері мен ескерткіштері туралы көптеген ақпараттарды  білді. Материалды бекіту үшін әртүрлі  жұмыс тәсілдерін  қолданылды, мысалы, "Кілт ұңғымасы", мұнда жеке фрагменттерден қаланың көрікті жерлерін анықтау қажет болды. Балалар қызықты тесттер өткізді, кіші топтарда жұмыс істеді, болашақ қаланың макетін жасады және өз жобаларының тұсаукесерін өткізді , өз пікірлерін білдірді, туған қаласы туралы білімдерін көрсетті, туған қаласына деген сүйіспеншілігін  білдірді. (қызығушылық). Рефлексияның ерекше түрі балаларды  туған  өлкесін одан әрі зерттеуге итермеледі . Балаларға сабақта өз жұмысына баға беру ұсынылды, егер өзін белсенді жұмыс істедім деп санаса,онда ол өзін медальмен марапаттауы керек . Іс –шара  барысында  тақырыпқа қызығушылығын арттыратын  ақпараттық және денсаулық сақтау технологияларымен – презентациямен, нейро-жаттығулармен қамтамасыз етілгені балалардың белсенділігін арттырды .