«Отбасылық бюджетті қалай құруға болады? Жоспарлау және бюджетті үнемдеу»

Отбасы күніне арналған апта аясында балалармен- кішкентайлардан бастап  жасөспірімдерге дейін-бірқатар танымдық іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі «Отбасылық бюджетті қалай құруға болады? Жоспарлау және бюджетті үнемдеу». Балалар қаржылық сауаттылық негіздерімен танысты, кірістер мен шығыстардың не екенін, бюджет не үшін қажет екенін және оны қалай дұрыс жоспарлау керектігін білді.

Сабақ барысында қатысушылар «отбасылық» қаражатты бөлуді, үнемдеу жолдарын табуды және қандай шығындар міндетті, ал қайсысы міндетті емес екенін түсінуді үйренді. Ойын түрінде балалар ресурстарды ұтымды пайдалану туралы қорытынды жасай отырып, өздерін отбасылық бюджеттің негізгі менеджерлері ретінде сынап көрді.