«Менің таңдауым – денсаулық!»

"Салауатты демалыс" жобасы аясында Тәрбиеші К.Б. Рамазанова  "Менің таңдауым – Денсаулық!" тақырыбында ересек   балалармен әңгіме сағатын өткізді. Іс - шара тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі-оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұлғаның негізгі мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде  қарауға  арналды.

Әңгіме сағатының  мақсатын жүзеге асыру үшін іс-шара тақырыбына сәйкес келетін әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылды: мақал-мәтелдер, дәйексөздер, оқушыларды ойлауға итермелейтін сұрақтар, тесттер. Іс –шара барысында  балалар денсаулықтың аспектілері мен түрлерін қарастырды, денсаулықтың белгілі бір түріне қандай критерийлер жататынын талдады. 

Салауатты демалыстар –бұл демалу ғана емес, сонымен қатар осы бағыттағы білімді толықтыру екендігін балаларға түсіндірді.