«Робо – бір! Робо - екі» Астана - Ура! Ура!

Астанадан келген қонақтардың балалары осындай көңілді айқаймен қарсы алды. 2026 ж. 09.01. күні Астанадан келген TechNomads командасы біздің тәрбиеленушілерімізге келіп, оларға робототехника бойынша жиынтықтарды табыстады: 2 үлкен жиынтық және 10 балаларға арналған жиынтық. Сондай-ақ, қонақтар балаларды тәттілермен және жаңа кеңсе тауарларымен қуантты!

Бірақ ең бастысы — команда балаларды тегін оқытады және оларды жарыстарға дайындайды. Бұл керемет мүмкіндік! Мұндай турнирлерге қатысу балаларға инженерия саласында дамуға көмектеседі және жоғары оқу орындарына түсу кезінде айтарлықтай артықшылықтар көрсетеді.

TechNomads командасына, Орталық басшылығына және қала әкімінің орынбасары Б. С. Иманғалиеваға осындай қызықты бастамасы үшін мәслихат депутаты Лейла Қасымановаға ерекше алғысымызды білдіреміз! Бәлкім, балаларға  дәл осы нәрсе жетіспеген  шығар ал біз жарысқа алғашқы сапарымызға  дайындауды және жоспарлауды бастаймыз!