«Уақыт бізді таңдайды»

Әрбір «Балаларды қолдау орталығы» тәрбиеленушісінің өмірінде өз болашағы туралы ойлануға мәжбүр болатын сәт келеді. Мамандық таңдау мәселесі сол сәттердің бірі болып табылады, себебі ол келесі кәсіби жолдың «әуенін» белгілейді. Сондықтан кәсіби таңдаудың алдында тұрған түлекті нақты көмекпен және қолдауымен қамтамасыз ету, оны өзінің жеке және кәсіби ниеттері мен мүмкіндіктерін дербес бағалауға бағыттау өте маңызды, яғни оның кәсіби өзін-өзі анықтауына сүйемелдеу көрсету қажет.

2022 жылғы қыркүйектен бастап «Балаларды қолдау орталығында» кәсіби бағдарлау бойынша «А-дан Я-ға дейін» клубы жұмыс істейді. Клубтың мақсаты – тәрбиеленушілерді кәсіби таңдау жасауда дербес және саналы болуға дайындау үшін жағдай жасау. Сондай-ақ, өз кәсіби дамуының болашағын дербес жоспарлау, түзету және жүзеге асыруға дайын болуды қалыптастыру. Клубта қалыптасқан кәсіби бағдарлау жүйесі диагностикалық‑кеңес беру, ақпараттық, белсендіру және дамыту тәсілдеріне негізделген өзара байланысты іс-шаралар кешенін қамтиды.

Бірінші жартыжылдықта жас және орта жас санатындағы тәрбиеленушілермен сабақтар өткізілді. Қатысушылар саны – 15 бала. Балалар әртүрлі мамдықтармен танысты (құрылысшы, орманшы, өрт сөндіруші, кітапханашы, тігінші, мұғалім, шаштараз және т.б.). 2023 жылғы қаңтардан бастап клубта орта және жоғары сынып оқушылары оқиды. Қатысушылар саны – 12 бала. Барлық іс-шаралар кешені жасөспірімдердің өзін-өзі тануына, кәсіби және өмірлік даму перспективасын дербес жоспарлау және жүзеге асыруға дайын болуына ықпал етеді.

Қазіргі заманда әлеуметтік және кәсіби табыстылыққа көзқарас бойынша, табыстылық адамға туғаннан бері берілмейді, ол қалыптасады. Сондықтан біздің міндетіміз – әр баланың қабілеттерін анықтау және дамыту, оған саналы түрде дұрыс өмірлік таңдау жасауға көмектесу.