16 желтоқсан күні біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз! Орталықта патриоттық тәрбие бағытында әр түрлі көптеген қызықты іс –шаралар жоспарланды. Тәрбиеші Сагындыкова Нагима Темиргалиевна балалар үшін «Моя Родина - Казахстан!» квест –ойынын ұйымдастырды.
Балалар үш командаға бөлініп,маршруттық парақшалар бойынша станцияларда тапсырмалар орындап , мәреге бірінші болып келуге тырысты. Іс-шараның мақсаты-балалардың жалпы ой-өрісін дамыту, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, өз елінің тағдырына бей –жай қарамауына ықпал ету, Қазақстанның өткеніне құрметпен қарауға және бір-біріне деген толерантты қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Жаңадан келген балаларымыз көп екенін ескере отырып, іс-шара балалар үшін қызықты, танымды болды деп айтуға болады.