25.12.2022

«Қазақстан Республикасы Президент және облыс әкімі атындағы шырша»

Балаларды қолдау орталығының жеті тәрбиеленушісі Қазақстан Республикасы Президент және облыс әкімі атындағы шыршаға қатысып келді. Балалар мерекенің басталуын асыға күтті және жаңа жылдық тосынсыйлар мен ойындарға толы мерекелік іс-шараға белсенді қатысты, шыршаны айналып биледі, ертегі кейіпкерлерімен тик-токтар түсірді, көңіл көтерді. Павлодар облысының әкімі Асаин Қуандықұлы Байханов балаларды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, барлық балалардың дені сау, бақытты болуын тіледі! Тәрбиеленушілерге сыйлық ретінде жеке ақшалай сертификаттар, кәмпиттер, жұмсақ ойыншықтар мен кітаптар табысталды. Мереке соңында балаларды дәмді тәтті үстел күтіп тұрды, оның басты безендіруі қоян бейнесіндегі үлкен торт болды! Мерекелік іс-шараның барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларын келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз және сіз жасаған жаңа жылдық көңіл-күй ұзақ уақытқа сақталып , барлығына бақыт пен қуаныш сезімін сыйлауын тілейміз!