«ӘКЕМ ТІРЕГІМ – АНАМ ЖҮРЕГІМ»

Бүгін «Қазақстан Балалары» жобасы аясында барлық мекемелерде жылулық пен махаббатқа  толы терең мағыналы  ерекше күн өтуде. Балаларды қолдау орталығы үшін бұл жай ғана атау емес, күнтізбедегі күн ғана емес, бұл біздің өміріміздің, дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздың бір бөлігі.

Балаларды қолдау орталығы - бұл үш «Қ» ережесі бойынша өмір сүретін орын-көмектесу , қабылдау, қолдау.Отбасы біздің тәрбиеленушілер үшін нені білдіреді?  Бұл-арман, үміт, тірек. Бұл күн  сайын  тәулік бойы көрсетілетін  ересектердің қамқорлығы. Бұл- өздеріне жақын болып кеткен тәрбиешілер, олар- туған ағалы – інідей болып кеткен  бауырлас достар.

Орталықта  «Отбасы» сөзі, әр істе  көрініп тұрады. Бізді біріктіретін дәстүрлер,жылы сөздер мен шынайы эмоцияларға толы мерекелер. Күнделікті өмірде бір –бірін  түсіне білу, сенім мен махаббатқа қадам болады. Мұнда әр бала  өзінің жалғыз емес екендігін сезінеді.

Бүгінгі бейнежазба -біздің үлкен, жылы отбасымыздың өмірінің көрінісі. Онда-оқу жылындағы балалардың күнделікті өміріндегі сәттер, қамқорлыққа, қолдау мен достыққа толы күндері. Бұл орталықтың бүкіл атмосферасы бір-біріне деген сүйіспеншілікке толы екенін анық көрсетеді. Ең бастысы, ол әр адамның бүгіні мен болашағы отбасынан басталады деген ойды жеткізеді.

Әр бір бала өзін жақсы көретін  және күтетін  отбасылы болсын! Әр бала өзінің отбасылық бақытын табсын! Әзірге-біз жандарындамыз! Біз тыңдаймыз, қолдаймыз, сенеміз! Себебі отбасы-әр адамның өміріндегі басты құндылық.