"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" онкүндігі аясында Тәрбиеші Рамазанова Құралай Бірлікқызы "Қалай басынуға жол бермеуге болады"атты қарым-қатынас сағатын өткізді. Мақсаты: балалардың зорлық-зомбылық, агрессия сияқты ұғымдарға қарсылықтарын қалыптастыру; құрдастарына толеранттылық таныту, адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық, зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне төзбеушілік сияқты адамгершілік қасиеттерді дамытуды жалғастыру.
Балалар арасындағы бірін –бірі қабылдамаудан бас тартуға үйрету. Қабылдамаудың себебі неде және бұл жағдай неге әкелуі мүмкін – сабақта осы сұрақтарға жауап беруге тырысты. Ең бастысы-ешқашан проблемамен жалғыз қалмау керек. Б алалар "Чучело" фильмінен үзінді көрді, әлеуметтік ролик тамашалады. Содан кейін талқылауға кірісті. Сабақты "Қазына аралы" шытырман оқиғалы романының авторы Ричард Льюис Стивенсонның "Келіспеушіліктерге келісейік"сөзімен аяқтады.Біз сыртқы келбетіміз әр түрлі, ұлты бойынша айырмашылықтар бар екеніне келісейік, өйткені бізден айырмашылығы бар адам, ол жаман адам емес - ол басқа мәселе. Біздің өміріміз табиғатпен ұштасып жатады: мейірімділік пен қатыгездік қатар жүретіндігін есте сақтайық!!!