"Қазақстан бойынша саяхат"

2021ж.20.11-нен бастап  Орталықта ҚР – ның 30 жылдығына арналған айлық жарияланды. Ол Қазақтсан бойынша патриоттық саяхаттан басталды. Ұйымдастырған Токей  А.  Іс –шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге «Отанға деген махаббат» құндылығын түсіндіру, жеткізу, «Мен Қазақстандықпын», «Менің Отаным – Қазақстан!» түсініктерінің мағынасын ашу.Іс –шара «Мен өз Қазақстанымды сүйемін ...» фразасын жалғастырудан басталды.

Өздерінің Отанына деген сүйіспеншіліктерін жеткізген соң ғана балалар Қазақстан картасы бойынша сырттай саяхатқа аттанды. «Өз елімнің патриотымын» викторинаға қатысып,балалар  аса қызығушылықпен әр түрлі тапсырмалар орындады, сұрақтарға жауап берді. Соңында Жамбыл Жабаевтың «Қазақстан» өлеңін тыңдады.