Асырап алушы ата-аналар мектебінің алғашқы түлектері

2020ж.11.12. күні  12 асырап алушы ата –ана  кандидатын оқыту аяқталды. Бұл  топтың тренері - пихолог Кудушева Алмагуль Рашидовна.Естеріңізде болса, Орталықта алғашқы ағымның  бірінші  тобы оқуды бітірген болатын.  Бұл алғашқы  ағымның екінші тобы. Оқыту кезінде ешкім де сабақтан қалмай асырап алушы ата –аналар мектебін бітіргендеріне  әрине біз өте қуаныштымыз.

Бұл оқу  ең алдымен өзінің отбасылық ресурсын , отбасына баланы қабылдауға   дайын екендігін түсінуге, салмақты шешім қабылдауға    мүмкіндік туғызады. Орталықтың тренерлері  болашақ ата-аналарға баламен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін игеруге, баланы отбасына қабылдау кезіндегі құқықтық аспектілерді талдауға көмектеседі.

Болашақ ата – аналарды, тренер  Кудушева Алмагуль Рашидовнаны осындай игі істің табысты аяқталуымен  құттықтаймыз!  Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығындағы  асырап алушы ата – аналар мектебінің жұмысы және асырап алушы  кандидаттардың  пікірін  Инстаграмм әлеуметтік желісінен оқуға болады.