Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өтуі бойынша міндетті талап енгізілгені белгілі.
«Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің педагог – психологы А.Р.Кудушева, әлеуметтік педагог А.А. Родионова асырап алушы ата –аналарды психологиялық тұрғыдан дайындау жұмысын жалғастыруда. Осы уақыт ішінде 50 азамат психологиялық дайындық курсынан өтті, 21 адам оқуын жалғастыруда.Асырап алушы ата-аналар мектебінің негізгі мақсаты –ата-аналарды балалар үйінен баланы қабылдауға дайындау.
Асырап алушы ата-аналар мектебі кімге пайдалы:
• баланы қабылдау туралы түпкілікті шешім қабылдағандарға;
• психологиялық қолдауды қажет ететін асырап алушы ата-аналарға.
Асырап алушы ата-аналар мектеп арқылы асырап алынатын баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін түсінуді, өз мүмкіндіктері мен шектеулерін бағалауды үйренеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасынан ата-аналардың екеуі де өтеді, оны аяқтағаннан кейін психологиялық даярлықтан өткендігі туралы сертификат алады. Естеріңізге сала кетейік, оқыту тегін жүргізіледі.