Ақша санап үйренеміз

Тәрбиеші К.Б. Рамазанова қаржылық сауаттылық мектебінің кезекті сабағын өткізді. Тақырыбы: Отбасылық бюджеттің құрылымы.Ақша қайда кетеді ? Шығын дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты: тәрбиеленушілерді «бюджет отбасы» деген түсінікпен және оның құрылымымен таныстыру, отбасылық бюджетті жоспарлауды үйрету, оның тепе –теңдігіне қол жеткізу; отбасының экономикалық жағдайы оның әр бір мүшесіне байланысты болатындығы туралы түсініктерін дамыту. Біздің тәрбиеленушілеріміздің болашақта өз отбасылары болады, сондықтан осы бастан отбасы бюджетін дұрыс есептеп үйрену өте маңызды.

Ақшамен қарым – қатынас мәдениеті-бұл адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі.Балалар қазірден бастап, ақша қайдан алынатындығы туралы ойлануы керек. Балалар белсенді түрде жұмыс істеді, кроссвордтар шешті, бір отбасы негізінде кіріс , шығыстарды есептеді, практикалық тапсырмалар орындады. Қаржылық сауаттылық құпияларын әрі арай меңгеруде балаларымызға сәттілік тілейміз.