Бала дамуда

Орталықта "Асырап алушы ата-аналар мектебі" сабақтары жалғасуда. 2022ж.04.11.күні Орталықтың әлеуметтік педагогы А. А. Родионова " Бала дамуда "тақырыбында кезекті сабақ өткізді. Сабақ барысында жасөспірімнің физиологиясындағы қажеттіліктер, жетістіктер, өзгерістер егжей-тегжейлі қарастырылған көптеген ақпарат болды. Жасөспірім ата-анаға мұқтаж, бірақ оның гармоналдық өзгерістері мен жетілуіне байланысты ол мұны ашық мойындай алмайды, махаббат бұрмаланған түрде көрінеді, ата-аналарды итере отыра оларды беріктігін және сонымен бірге икемділігін тексереді.

Жасөспірімдерде екі жақтылық бар - балада емес, ересек адам да емес. Ата - аналардың ең үлкен қателігі-жасөспірімді өз іс-әрекеттеріне толықтай жауап бере алатын тәуелсіз тұлға деп санау. Шындығында, ол 3 жастағы баламен бірдей ата – анаға қамқорлығына мұқтаж.

Ата-ана өзінің бақылау функцияларын азайтып, сенімдірек қарым-қатынасқа көшуі керек. Жасөспірімдік кезең-бұл мамандардың айтуы бойынша екінші туылумен салыстыратын жас. "Физиологиялық революция" - қарқынды физикалық өсу және жыныстық жетілу.

Сабақта болашақ ата-аналар белсенді жұмыс істеді, өз пікірлерін білдірді, "Мектеп автобусы" жаттығуын қызығушылықпен орындады. Жасөспірімдердің ішкі әлеміне ұқыпты қарау туралы ойларымен бөлісті. Нәтижесінде, топ мүшелерінің әрқайсысы әр жастағы қиындықтар мен артықшылықтар туралы, баланың жас даму кезеңдері, жасөспірімнің жеке дамуындағы психологиялық қажеттіліктердің рөлі туралы түсінік алды.

Асырап алушы ата –аналар мектебінің әр сабағы жаңа тақырыптар, жағдаятты ойындар, жаттығулар, кері байланыс, хабардарлық, сезімдер мен эмоцияларға толы болады . Ватсап тобында сабаққа қатысушылар өз пікірлерін жазады, үнемі кері байланыста болады. Үміткерлерге белсенді қатысқаны үшін алғыс айтқамыз.