2022 жылдың 25 сәуірінде асырап алушы ата-аналарға үміткер 11 адам, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификаттарын алды.
Сабақтар "Асырап алушы ата-аналар мектебі"курсының бекітілген бағдарламасына сәйкес 42 сағат көлемінде онлайн форматта өтті. Асырап алушы ата –аналар мектебі жұмысының мақсаты-ата-аналарды баланы балалар үйінен қабылдауға дайындау, барлық қажетті ақпаратты беру, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесу, өз мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, патронат ата-ана болуға дайын болуын қамтамасыз ету.
Патронат ата - аналар мектебіндегі сабақтар ешкімді ештеңеге міндеттемейді-адамның өзі одан әрі не істеу керектігін анықтайды: асырап алғысы келе ме, қамқорлыққа алады ма немесе осы идеядан бас тарта ма өзі біледі. Бірақ егер патронат ата - аналар жетім балаға өмірдегі басты нәрсені бергісі келсе – отбасына қабылдау туралы ойланған болса , мұны саналы түрде жасау керек және ешқандай зиян тигізбеуі тиіс.