Құрметті баланы қабылдайтын ата-аналар, отбасына баланы қабылдау үміткерлері! «Ана үйі» қоғамдық қоры 2022 жылдың мамыр айынан бастап, даму мүмкіндіктері шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған баланы қабылдайтын ата-аналарға, отбасына баланы қабылдау үміткерлерін қолдау жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асыруда.
Жоба аясында медициналық тексеруден өту, балаларды медициналық оңалту және педагогикалық түзету, сондай-ақ баланы қабылдайтын ата-аналарға, отбасына баланы қабылдау үміткерлеріне консультациялық және ақпараттық көмек көрсету қарастырылған. Жоба туралы толық ақпарат алу үшін қордың «1422» бірыңғай байланыс телефонына хабарласу қажет.