Ана атану – ерлік . Ал асырап алған балаларды тәрбиелеу – бұл үлкен ерлік, батылдық. Бүгін мен Дереберялар отбасы туралы айтпақшымын. Андрей мен Марина көп балалы отбасы болуды армандайтын. Өздері керемет екі бүлдіршінді тәрбиелеп отыр. 2020 жылы Маринаның жиендері Богдан мен Полина жетім қалды. Сол кезде олар отбасы мүшелерімен ақылдаса отырып,жиендерін қамқорлыққа алуға шешім қабылдады.
Әрине , бала асырап алу өте жауапты іс, отбасында өздерінің балалары болған жағдайда жауапкершілік екі еселенетіні белгілі. Балалар отбасының жаңа мүшелерін қалай қабылдайды? Ата –аналық махаббат пен қамқорлыққа ішкі күш –қуат, уақыт жеткілікті бола ма? Егер де қандай бір жағымсыз жағдай туындаса не істеу керек? Осы және басқа да маңызды сұрақтар Екібастұз қаласындағы балаларды қолдау орталығында өткізілген Асырап алушылар мектебінің сабақтарында талқыланды. Богдан мен Полинаның отбасында тәрбиеленіп жатқанына да бір жылдай болып қалды.
Балалардың бейімделу кезеңі, бауыр басып қалыптасуы асырап алушы ата-аналар мен олардың туған балалары арасындағы қарым-қатынасты құрудың нақты динамикасымен сипатталмады. Балалар отбасына қабылданғанына қуанышты болған алғашқы аптадан соң Богдан, Полинамен проблемалар туындады. Шектен шықпаудың болмауы, өзара қажеттіліктер мен ерекшеліктерге, әдеттер мен мінез-құлықына үйрену, теріс мінез-құлықтың өршуі және т.б.т жағдайлар болды.
Дәл осы кезеңде Андрей мен Марина асырап алушы ата-аналар мектебінің сабақтарында айтылған құзыретті асырап алушы ата-ананың білімін, іскерлігін және дағдыларын пайдаланды. Бүгінгі таңда Богдан мен Полинаның көңілдері жайланды, тынышталды. Олар қазір отбасы мүшелерімен еркін сөйлесе алады. Ата-аналарына еш қарсылықсыз үйдің жұмыстарына көмектеседі, отбасылық істерге араласады. Жаңа ата-аналарына деген сүйіспеншілік пайда болды. Ынтымақтастық адамдарға қуаныш сыйлайды, балаларға әлемнің көптеген көріністеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
Танымдық белсенділіктері ашылады, өйткені олар өздеріне қолдау көрсететініне, көмектесетініне сенімді болады. Болашақ асырап алушыларға Андрей мен Марина жағдайларға бейімделіп, икемді және өзгеруге дайын болуды үйренуге кеңес береді.«Патронат баланың отбасында қалай әрекет ететінін ешкім білмейді, сондықтан сіз бәріне дайын болуыңыз керек. Бірақ ондай жағдайға жеткізбеу үшін ешқандай жағдайда проблемаларыңызбен жалғыз қалмаңыз, бір-біріңізбен және балалармен сөйлесуді ұмытпаңыз, психологтың көмегінен бас тартпаңыз» дейді.