Біз ғажайып кезеңде өмір сүріп жатырмыз! Қазіргі заман – бұл технологиялық кеңістік.Технология біздің өміріміздің әр бір саласына әсер етуде, өмірімізді жеңілдетеді, уақытымызды үнемдейді. Ал соңғы кезде компьютерлік технология балалардың құқығын қорғау соның ішінде олардың отбасында тұрып , тәрбиелену бойынша заңды құқығын қорғау мәселесінде маңызды орын алып отыр. 2016 жылы «пилоттық жоба» ережесінде жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың Республикалық деректер банкісі қалыптаса бастады. Бүгінгі күні Банк тұрақты түрде жұмыс істейді және балаларды отбасына алғысы келетін азаматтарға бала таңдауға, ол туралы барлық қажетті ақпараттарды алуға көмектеседі.
Жетім балалар туралы мәліметтер Банкісі – асырап алушы, қамқорлыққа, қорғаншылыққа алғысы келген кандидаттарға жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді оларды ары қарай өз отбасына алуы үшін кандидаттардың қарап көруін қамтамасыз етеді.(асырап алу, қамқорлыққа алу,патронаттық тәрбиелеуге алу, қабылдаушы отбасы) Республикалық Деректер Банкісіндегі мәліметтер мемлекеттік электрондық ақпарат қоры болып табылады. Банкімен жұмыс істейтін және оған ақпараттар енгізетін органдар: қорғаншылық органдары , жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер, ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау Комитеті, консулдық қызмет Департаменті, асырап алу бойынша агенттік. Сонымен қатар РДБ –дегі барлық ақпарат құпия сақталады және тек қана құзырлы органдар қызметкерлері немесе ата –анасы болғысы келетін кандидаттың веб – порталда логины мен паролы енгізілуі арқылы қол жетімді болады.
Республикалық деректер банкісі қалай жұмыс істейді және кандидат оны қалай пайдалана алады? Бала туралы ақпаратты РДБ –не енгізу қорғаншылық органның балаға ата –анасы немесе туыстары тарапынан қамқорлық көрсетілмейтіндігі туралы дерек анықталған жағдайда жүзеге асырылады. Ондай бала анықталған жағдайда қорғаншылық органы сауалнама толтырып, оны электрондық форматта, анықталған мерзімнен бастап бір күннің ішінде РДБ –не енгізеді. Мұндай сауалнама алғашқы есепке алу болып тіркеледі. Егер бір айдың ішінде бала отбасына орналастырылмаса, сауалнама автоматты түрде аумақтық есепке ауыстырылады.
Ата –анасы құқығынан айырылған балалардың сауалнамасы ата –аналық құқығынан айыру туралы соттың заңды шешімі күшіне енгенге дейін, алты айға дейін орталықтандырылған есепке алуға жіберіледі. Сауалнама банкіден баланы асырап алған жағдайда , ата –анасына қайтарылған жағдайда, кәмелеттік жасқа толған жағдайда алынып тасталады. РДБ –не қол жеткізу үшін баланы отбасына қабылдағысы келетін кандидаттар, қорғаншылық органдарға немесе РДБ арқылы асырап алуға, қорғаншылыққа алуға, патронаттық тәрбие беруге, отбасына қабылдауға ары қарай тіркелу үшін құжаттарын ұсынады. Құжаттарды өткізер алдында олар электрондық –цифрлық қолтаңбасын рәсімдеп, жеке электрондық почтаға тіркелуі керек.
Әр бір кандидат барлық растайтын құжаттарын РДБ –не тіркей отыра жеке сауалнама толтырады. Сауалнамада баланы орналастыру бойынша электронлық өтініш толтырылады. Өтініште келесі мәліметтер көрсетіледі: өтініш беруші кім, орналастырудың қандай түрін таңдайды, бала қандай болуы керек (жасы, жынысы, ұлты). Толтырылған сауалнаманы қорғаншылық орган осы азаматтың баланы отбасына алуға кандидат бола алатындығын және ұсынылған құжаттың талапқа сәйкестігін, толықтығын тексереді. Қорғаншылық орган тексеріп болған соң 10 күннің ішінде тұрмыстық жағдайын зерттеу актісін өткізеді және сауалнамаға электрондық көшірмесін тіркейді. Егер кандидат оған баланы беруге болатындығы туралы қорытындыны алатын болса, онда оған РДБ –де орналастырылған балалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беріледі.
Баланы таңдаған соң, ол баламен кездесіп, танысатын ыңғайлы уақытты таңдайды, баламен танысуға бару жолдаманы база өзі жасайды. Танысу кандидат өзімен бірге қағазға шығарылған жолдаманы көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. Танысудың нәтижесінде екі тараптың да кездесуге тілегі болса, кандидат база арқылы баламен қарым –қатынаста болуға жолдама алады. Ол екі апта бойы баламен жақын қарым –қатынаста болып,оны жақынырақ білуге,оның әдет –дағдылары, талғамы, мінез –құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайымен танысуға құқылы. Осы қарым –қатынастың нәтижесінде кандидат отбасына орналастыру ісіне қатысатындығын немесе бас тартатынды туралы мәлімдейді.
РДБ нәтижесінде кандидаттарға барлық Қазақтан бойынша көптеген балаларды қарауға, үйінен шықпай –ақ танысып, қарым –қатынас жасау үшін өзіне ұнаған, жүрегін жылытқан баламен танысуға зор мүмкіндік туғызып отырған оқиға екендігі сөзсіз. Кімде –кім қазіргі уақытта өз отбасына бала алуға дайын немесе сол туралы ойланып жүрген болса, бала таңдау үшін РДБ –ін кеңінен қолдануға шақырамыз. Алғашқы кездесуде, алғашқы танысу сәтінде, бір көргеннен –ақ сіздердің қарым –қатынастарыңыз шын көңілден шыңып,берік те бекем болып кетуіне тілектеспіз!