Отбасына орналастыру жұмысы туралы!

Кәмелетке толмағандар  жөніндегі қалалық комиссияның шешімі бойынша және Екібастұз қаласының білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органының қорытындысы негізінде тағы бір тәрбиеленуші ата-анасына берілді.

Бала БҚО – на жаз мезгілінде жіберілген болатын. Ата-аналармен өткізілген бірқатар іс-шаралардан кейін комиссия отырысында  ары қарай  олар қателіктер жібермейді және баланы тәрбиелеуге жауапты болады деген сеніммен  отбасына мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды .

Өкінішке орай, жаз мезгілінде  балаларды қолдау орталығына рейдтер кезінде анықталған 28 бала келіп түсті . Кәмелетке толмағандарды анықтаудың негізгі себебі ата-аналардың жауапсыз көзқарасы мен бақылауының болмауы , олардың  бала тәрбиесінен өзін-өзі алшақтатуы , жаман әдеттерге үйір болуы, бала күтімі міндеттерін орындамау болып табылады.

Білім бөлімінің, қорғаншылық органдарының, балаларды қолдау орталығының әлеуметтік-психологиялық қызметінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде баланы отбасына қайтаруға мүмкіндік туды. Мамандар отбасылық әл-ауқатты қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды өткізе отырып, қазіргі жағдайға жедел әрекет етті. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында бала қазір қауіпсіз және сүйіспеншілікке толы ортада, бұл оның болашағын нығайту жолындағы маңызды қадам.  Орталық мамандары қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен бірлесіп, балаларға қауіпсіз және тұрақты болашақты қамтамасыз ету үшін қажетті көмек пен қолдау көрсетуге бар күшін салады.

Біз барлық ата – аналарға  балаларыңыздың жан –жақты дамуына, бақытты өмір сүруіне шешуші рөл атқаратын  дүние сіздердің ата –аналардың жауапкершілігі  екендігін айтқымыз келеді. Сіздің балаңыз отбасында өмір сүруі , сіздің қасыңызда болуы керек, ол "анасының " және "әкесінің" баласы болуы керек.

Баланың қалыпты психологиялық және физикалық дамуы үшін ата-аналар балаларды тәрбиелеу үшін барлық қолайлы жағдайларды жасауы керек. Балаларға сіздің сүйіспеншілігіңіз, қамқорлығыңыз және назарыңыз қажет! Құрметті ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар!