Отбасында өмір сүру бақыт!

Алғыс айту күніне орай балаларды қолдау орталығының педагогикалық ұжымы мен басшысы Н.А.Абдрахмановаға  балаларға  отбасында өмір сүру бақытын сыйлағаны үшін  алғыс айтқымыз келеді! Ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды туған отбасына қайтару -   бұл әкімшілік пен педагогикалық  ұжымның туған отбасының позитивтік бейнесін қалыптастыру бағытындағы  кезең –кезеңімен жүргізілетін мақсаты қызметі, бала мената –аналық құқығынан айырылған немесе шектелген  ата-ананы ынталандыру, бала мен ата ананың қатынасын қалыпқа келтіру  жұмыстарының нәтижесі.

Баланы туған отбасына қайтару бойынша педагогтардың жүйелі  түрде , мақсатты, арнайы ұйымдастырылған қызметі біздің  мекеме үшін ұжым мен ата –ананың бірлескен жұмысының инновациялық жаңа түрін енгізу болып табылады. Жұмыстың көп бөлігін  әлеуметтік жетімдіктің алдын алу қызметі атқарады.  Орталықта «Шаг навстречу»,  «Биз биргемиз» жобалары жұмыс істейді. Бұл жобалар  отбасын қалпына келтіруге, ата –аналардың әлеуметтік дағдысын дамытуға, әлеуметтік құзыреттілігін жоғарлатуға және өмірлік қиыншылықтар мен проблемаларды жеңуге ықпал етуге бағытталған.  Ұжымға балаларды отбасына қайтару жұмысында мақсаттарына жетуін тілейміз! Қиыншылығы мол жұмысы үшін алғыс айтамыз және денсаулық , көктемгі көңіл –күй, отбасына амандық  тілейміз!