Тренинг "Адам саудасына қарсы іс-қимыл және балаларды қанау"

09.11.2022 жылы "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ-де Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон" жобасы бойынша "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық акциясы аясында"Адам саудасына қарсы іс-қимыл және балаларды пайдалану" тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты: Тәрбиеленушілерді қауіпсіздік негіздерімен таныстыру, жанында ата – аналары немесе таныстары болмаған жағдайда қалай және кімнен көмек сұрау керектігін үйрету.

Тренингті орталық мамандары ұйымдастырды, оған 15 тәрбиеленуші белсенді қатысты. Тәрбиеленушілер балалар еңбегі және балалар саудасы туралы, оның ішінде жыныстық қанау туралы да ақпарат алды. Бір сөзбен айтқанда олар өмір сүру ережелерімен танысты: өздерін ересектер арасында, жақындарының арасында қалай ұстау керектігін және бейтаныс, әр түрлі адамдармен қалай қарым –қатынас жасау керек екеніндігін тағы да бір рет естеріне түсірді.

Тренинг соңында кері байланыс орнатылып, онда педагогтар мен қатысушылар өткізілген сабақ туралы өз пікірлерін білдірді.